Кездесу барысында министрліктің атқарып отырған қызметі туралы және конфессияаралық қатынас орнатуда Қазақстанның жеткен жетістіктері жайлы сөз қозғалды.
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрайымы Кристин Муттонен ханым мемлекет пен діни ұйымдары сұхбатының қазақстандық тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Ұлттық дәстүрді жаңғырту және діни экстремизмнің көрінісі мен жат идеяларға қарсы тұрудағы мемлекеттің зайырлылық қағидаларын нығайту жұмыстарын жоғары бағалады.
Кездесу барысында тараптар әріптестікті дамытудың перспективалық бағыттарына және жақында ғана ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында құрылған терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Комитетімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.